НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа "Jekpe-Jek" сарайына барды, деп хабарлайды Ақорда.
Жастар жылын атап өту аясында "Jekpe-Jek" сарайында Елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестивалі өтті.
Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.
Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.