НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа "Jekpe-Jek" сарайына барды, деп хабарлайды Ақорда.
Жастар жылын атап өту аясында "Jekpe-Jek" сарайында Елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестивалі өтті.
Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.
Жаңадан ашылған «Jekpe Jek» сарайына бардым. Аталған спорт кешені бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен жаңа чемпиондар буынын тәрбиелейтін орталыққа айналады. Ұлттық Жекпе-жек өнері фестивалінің ашылу салтанатына қатыстым. pic.twitter.com/kP5r87INLj
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 6 июля 2019 г.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.
Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.