Оқиға

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото

Қоғамдық көліктің тежегіші істемей қалған болуы мүмкін
Sputnik

АЛМАТЫ, 28 маусым — Sputnik. Алматыда қалалық №44 бағдарлы автобусы жол шетінде тұрған көлікті қатты жылдамдықпен қағып, ірі жол апатына себепші болды.

Жол апаты 15.30 кезінде Жандосов көшесі бойында болған.

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото

Көптеген куәгердің сөзіне сүйенсек, бағдарлы автобус Жандосов көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған Toyota RAV 4 көлігіне бар жылдамдықпен соғылды.

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото

Қатты соққыдан шетел көлігі бордюрге шығып кетіп, тұрақта тұрған Toyota Camry көлігінің артына соғылады, ал Toyota өз алдында тұрған Subaru Forester автомобилін қағады. Subaru батыс бағытта кетіп бара жатқан Hunday машинасына соғылды.

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото

Жол апаты салдарынан автобус және көліктердің бірінің жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында дәрігерлер бәрін қарап шықты, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Қатты зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото

Жол апатының мән-жайын полиция анықтайды. Болжамдардың біріне сәйкес, автобустың тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.