Оқиға

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото

© Sputnik / СтрингерМаршрутный автобус
Маршрутный автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көліктің тежегіші істемей қалған болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 28 маусым — Sputnik. Алматыда қалалық №44 бағдарлы автобусы жол шетінде тұрған көлікті қатты жылдамдықпен қағып, ірі жол апатына себепші болды.

Жол апаты 15.30 кезінде Жандосов көшесі бойында болған.

© Sputnik / СтрингерАвтобус жол шетінде тұрған Тoyota RAV 4 көлігіне соғылды
Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото - Sputnik Қазақстан
Автобус жол шетінде тұрған Тoyota RAV 4 көлігіне соғылды

Көптеген куәгердің сөзіне сүйенсек, бағдарлы автобус Жандосов көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған Toyota RAV 4 көлігіне бар жылдамдықпен соғылды.

© Sputnik / СтрингерТoyota RAV 4 бордюрге шығып кетті
Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото - Sputnik Қазақстан
Тoyota RAV 4 бордюрге шығып кетті

Қатты соққыдан шетел көлігі бордюрге шығып кетіп, тұрақта тұрған Toyota Camry көлігінің артына соғылады, ал Toyota өз алдында тұрған Subaru Forester автомобилін қағады. Subaru батыс бағытта кетіп бара жатқан Hunday машинасына соғылды.

© Sputnik / СтрингерЖол апатынан автобус жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды
Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото - Sputnik Қазақстан
Жол апатынан автобус жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды

Жол апаты салдарынан автобус және көліктердің бірінің жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында дәрігерлер бәрін қарап шықты, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Қатты зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.

© Sputnik / СтрингерАвтобустың тежегіші істемей қалған болуы мүмкін
Алматыда жолаушылар автобусы төрт көліктің быт-шытын шығарды - фото - Sputnik Қазақстан
Автобустың тежегіші істемей қалған болуы мүмкін

Жол апатының мән-жайын полиция анықтайды. Болжамдардың біріне сәйкес, автобустың тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0