Қоғам

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

Байқауға әлемнің 80 елінен өтінімдер келіп түскен. Ал фотографтар жаһандық әлеуметтік мәселелерді басты тақырып етіп алған
Sputnik

Нұр-сұлтан, 13 маусым – Sputnik. Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы 2019 жылғы лауреаттардың шорт-парағын жариялады.

Құрамында жетекші фотографтар мен әлемдік басылымдардың редакторлары бар байқаудың қазылар алқасы 6 000 жұмыстың ішінен ең үздігін анықтады. 2019 жылы байқау алаңында бес құрлықтың 80 елінен кәсіби фотографтар бақ сынаған болатын. Шорт-параққа енген барлық жұмыстар автор таңдаған тақырыптық формасының айқындығымен және терең мағынасымен анықталған.

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

2019 жылғы жеңімпаздар қатарында 17 елдің өкілі бар. Олар: Ресей, Франция, Филиппин, Германия, Үндістан, Италия, АҚШ, Иран, Мексика, Түркия, ОАР, Бангладеш, Гонконг, Португалия, Испания, Белоруссия және Египет.

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

Финалға шыққан Ресей және Иранмен бірге Үндістан, ұсынылған жұмыстар саны бойынша Испанияны, Египет пен Мексиканы басып озды.

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

Фотографтар байқауға өз жұмыстарын жіберу арқылы жаңа визуалды ортақ тіл табысуға тырысып қана қоймай, жанрлар мен форматтарды да біріктіруде. Олардың жұмыстары мәселелерді жай ғана көрсетіп қоймай, оның себептерін де ашуда. Бұл ел, өңір немесе жалпы ғаламшар үшін проблемалардың ықтимал салдары. Сондықтан да олардың тарихи маңызы зор.

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

"Жылдан жылға сапалық деңгейі өсіп келе жатқан жұмыстар көңілді  қуантпай қоймайды. Байқауға қатысушылардың кәсібилігінің басты көрсеткіші – фотосурет тілін меңгеруде ғана емес. Ол тақырыптарды таңдауда. Ең алдымен, биылғы жылы әлеуметтік мәселелер өте көп. Тек, мәселені дөп басқан жас фотографтар аз. Қазіргі заманғы фотожурналистиканың артықшылығы – проблеманың себептері мен салдарын байланыстыра білу және оның сол сәттегі өрнегін айшықтай түсу. Фотографияда ұлтаралық тіл болғандықтан, оны бірдей деп қабылдау мүмкін емес", – дейді жеңімпаздар жөнінде айтқан Андрей Стенин атындағы байқаудың кураторы, "Россия сегодня" ХАА визуалды жобалар қызметінің жетекшісі Оксана Олейник.

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

Ал байқау номинациялары бойынша жүлделі орындар қалай үлестіріледі және оның басты марапатының иегері кім болады? Гран-при қыркүйек айына дейін сақталады да, күздің бірінші айында Мәскеуде Андрей Стенин атындағы конкурстың жеңімпазы салтанатты түрде жарияланады. Сол кезде олардың жұмыстарының көрмесі ашылып, әлем қалаларына лауреаттардың дәстүрлі туры басталады.

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

Андрей Стенин атындағы байқаудың қазылар алқасының төрағасы "Нью-Йорк Таймстың" (The New York Times) (АҚШ) британдық фотографы Джеймс Хиллдің айтуынша, кейде қатысушылардың ішінен жоғары марапатқа қайсысы лайық екенін шешу қиын болған. Ал кейде көшбасшылар бірден айқындалған.

"Бәріміз де конкурстық жұмыстарға өз көзқарасымыз бойынша қарадық. Фотосуреттерді немесе суреттерді бағалау – өте субъективті іс. Мен талқылаудан үлкен ләззат алдым. Әрқайсымызда өз таңдауымызды жасау және ол туралы пікір айту мүмкіндігі болды. Жұмыс сапасын бағалау барысында даулассақ та, бізге нақты әрі әділ шешім қабылдау керек еді", - дейді Джеймс Хилл.

ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей Федерациясы комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы, қазіргі заманғы фотожурналистиканың маңыздылығына қоғамдық назар аудара отырып, жас фотографтарға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бұл талантты әрі сезімтал жас фотографтарға арналған алаң.

2019 жылы байқаудың бас ақпараттық серіктесі Вести.Ru ақпараттық-жаңалықтар порталы мен "Россия-Культура" жалпыресейлік мемлекеттік телеарнасы болды. Ал Sputnik радиосы мен ақпараттық агенттігі байқаудың халықаралық ақпараттық серіктесі болып табылады.