Қоғам

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды

© Sputnik / Василий МаксимовСпециальный фотокорреспондент МИА "Россия сегодня" Андрей Стенин
Специальный фотокорреспондент МИА Россия сегодня Андрей Стенин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байқауға әлемнің 80 елінен өтінімдер келіп түскен. Ал фотографтар жаһандық әлеуметтік мәселелерді басты тақырып етіп алған

Нұр-сұлтан, 13 маусым – Sputnik. Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы 2019 жылғы лауреаттардың шорт-парағын жариялады.

Құрамында жетекші фотографтар мен әлемдік басылымдардың редакторлары бар байқаудың қазылар алқасы 6 000 жұмыстың ішінен ең үздігін анықтады. 2019 жылы байқау алаңында бес құрлықтың 80 елінен кәсіби фотографтар бақ сынаған болатын. Шорт-параққа енген барлық жұмыстар автор таңдаған тақырыптық формасының айқындығымен және терең мағынасымен анықталған.

© Sputnik / Basilio H. Sepe StenincontestБазилио Сепе, Филиппин. "Жағалаудан барлау". Басты жаңалықтар / жалғыз суреттер
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Базилио Сепе, Филиппин. "Жағалаудан барлау". Басты жаңалықтар / жалғыз суреттер

2019 жылғы жеңімпаздар қатарында 17 елдің өкілі бар. Олар: Ресей, Франция, Филиппин, Германия, Үндістан, Италия, АҚШ, Иран, Мексика, Түркия, ОАР, Бангладеш, Гонконг, Португалия, Испания, Белоруссия және Египет.

© Sputnik / Алексей Васильев StenincontestАлексей Васильев, Ресей. "Якутия, махаббатым менің". Менің ғаламшарым / сериялы суреттер
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Алексей Васильев, Ресей. "Якутия, махаббатым менің". Менің ғаламшарым / сериялы суреттер

Финалға шыққан Ресей және Иранмен бірге Үндістан, ұсынылған жұмыстар саны бойынша Испанияны, Египет пен Мексиканы басып озды.

© Sputnik / Аянавил Сил StenincontestАянавил Сил, Үндістан. "Су добынан матчтағы шешуші сәт". Спорт / жалғыз суреттер
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Аянавил Сил, Үндістан. "Су добынан матчтағы шешуші сәт". Спорт / жалғыз суреттер

Фотографтар байқауға өз жұмыстарын жіберу арқылы жаңа визуалды ортақ тіл табысуға тырысып қана қоймай, жанрлар мен форматтарды да біріктіруде. Олардың жұмыстары мәселелерді жай ғана көрсетіп қоймай, оның себептерін де ашуда. Бұл ел, өңір немесе жалпы ғаламшар үшін проблемалардың ықтимал салдары. Сондықтан да олардың тарихи маңызы зор.

© Sputnik / Самир Аль-Думи, StenincontestСамир Аль-Думи, Франция, "Бір қақтығыстан екіншісіне", Басты жаңалықтар / жалғыз фотосуреттер
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Самир Аль-Думи, Франция, "Бір қақтығыстан екіншісіне", Басты жаңалықтар / жалғыз фотосуреттер

"Жылдан жылға сапалық деңгейі өсіп келе жатқан жұмыстар көңілді  қуантпай қоймайды. Байқауға қатысушылардың кәсібилігінің басты көрсеткіші – фотосурет тілін меңгеруде ғана емес. Ол тақырыптарды таңдауда. Ең алдымен, биылғы жылы әлеуметтік мәселелер өте көп. Тек, мәселені дөп басқан жас фотографтар аз. Қазіргі заманғы фотожурналистиканың артықшылығы – проблеманың себептері мен салдарын байланыстыра білу және оның сол сәттегі өрнегін айшықтай түсу. Фотографияда ұлтаралық тіл болғандықтан, оны бірдей деп қабылдау мүмкін емес", – дейді жеңімпаздар жөнінде айтқан Андрей Стенин атындағы байқаудың кураторы, "Россия сегодня" ХАА визуалды жобалар қызметінің жетекшісі Оксана Олейник.

© Sputnik / Сантану Дей StenincontestСантану Дей, Үндістан. "Ностальгия жойылу шегінде". Портрет / біздің заманның батыры
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Сантану Дей, Үндістан. "Ностальгия жойылу шегінде". Портрет / біздің заманның батыры

Ал байқау номинациялары бойынша жүлделі орындар қалай үлестіріледі және оның басты марапатының иегері кім болады? Гран-при қыркүйек айына дейін сақталады да, күздің бірінші айында Мәскеуде Андрей Стенин атындағы конкурстың жеңімпазы салтанатты түрде жарияланады. Сол кезде олардың жұмыстарының көрмесі ашылып, әлем қалаларына лауреаттардың дәстүрлі туры басталады.

© Sputnik / Элиф Озтюрк StenincontestЭлиф Өзтүрік Озгонку, Түркия. "Киркпинардағы майлы күрес фестивалі". Спорт / сериялы суреттер
Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2019 жылғы жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Элиф Өзтүрік Озгонку, Түркия. "Киркпинардағы майлы күрес фестивалі". Спорт / сериялы суреттер

Андрей Стенин атындағы байқаудың қазылар алқасының төрағасы "Нью-Йорк Таймстың" (The New York Times) (АҚШ) британдық фотографы Джеймс Хиллдің айтуынша, кейде қатысушылардың ішінен жоғары марапатқа қайсысы лайық екенін шешу қиын болған. Ал кейде көшбасшылар бірден айқындалған.

"Бәріміз де конкурстық жұмыстарға өз көзқарасымыз бойынша қарадық. Фотосуреттерді немесе суреттерді бағалау – өте субъективті іс. Мен талқылаудан үлкен ләззат алдым. Әрқайсымызда өз таңдауымызды жасау және ол туралы пікір айту мүмкіндігі болды. Жұмыс сапасын бағалау барысында даулассақ та, бізге нақты әрі әділ шешім қабылдау керек еді", - дейді Джеймс Хилл.

ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей Федерациясы комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы, қазіргі заманғы фотожурналистиканың маңыздылығына қоғамдық назар аудара отырып, жас фотографтарға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бұл талантты әрі сезімтал жас фотографтарға арналған алаң.

2019 жылы байқаудың бас ақпараттық серіктесі Вести.Ru ақпараттық-жаңалықтар порталы мен "Россия-Культура" жалпыресейлік мемлекеттік телеарнасы болды. Ал Sputnik радиосы мен ақпараттық агенттігі байқаудың халықаралық ақпараттық серіктесі болып табылады.

Жаңалықтар
0