НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай 2 маусым күні тегін тұрақ аймағында болды.
"Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына үш минуттан кейін келді. Тілсіз жау 10:39-да ауыздықталды", - делінген хабарламада.
Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке бензин сорғысының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға кезінде көлік иесі мен электрик сол жерде болыпты.
Петропавлда жолаушы толы автобус көше ортасында өртеніп кетті – видео
Өртті сөндіруге әуежай қызметінің жеке құрамының алты адамы мен екі техника жұмылдырылды.
Бұған қоса, қаланың өрт қызметі мен жедел жәрдем бригадасы келді.