Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео

© Предоставлено пресс-службой аэропорта Нур-СултанаӘуежайда жанып кеткен көлікк
Әуежайда жанып кеткен көлікк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Өртке бензин сорғысының қысқа тұйықталуы себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай 2 маусым күні тегін тұрақ аймағында болды.

"Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына үш минуттан кейін келді. Тілсіз жау 10:39-да ауыздықталды", - делінген хабарламада.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке бензин сорғысының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға кезінде көлік иесі мен электрик сол жерде болыпты.

Петропавлда жолаушы толы автобус көше ортасында өртеніп кетті – видео

Өртті сөндіруге әуежай қызметінің жеке құрамының алты адамы мен екі техника жұмылдырылды.

Бұған қоса, қаланың өрт қызметі мен жедел жәрдем бригадасы келді.

Жаңалықтар
0