НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алмақ болған.
"ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Олар күш көрсетіп, қорқыту арқылы кәсіпкерден ақша бопсалаған", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері қамауға алынған.
Тағы оқыңыз: "Әлиев" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды
"2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың "Р" және "Д" есімді екі мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 23-24 мамыр күндері қылмысқа қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталған болатын", - делінген хабарламада.
Тіркелген факті бойынша ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.