Қоғам

Жамбыл облысында "Қырықбаевтар" қылмыс үстінде ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинТүрме, архивтегі сурет
Түрме, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерден ақша бопсалап, пайда табуды көздепті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алмақ болған.

"ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Олар күш көрсетіп, қорқыту арқылы кәсіпкерден ақша бопсалаған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері қамауға алынған.

Тағы оқыңыз: "Әлиев" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды

"2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың "Р" және "Д" есімді екі мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 23-24 мамыр күндері қылмысқа қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталған болатын", - делінген хабарламада.

Тіркелген факті бойынша ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Жаңалықтар
0