Әлем

Нағашысы тоғыз жасар жиенін көлікке байлап сүйреген

Жеткіншектің анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолында қалдырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бішкекте 33 жастағы ер адам жиенін BMW көлігіне байлап, бірнеше метрге сүйреді деген күдікке ілінді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

"27 сәуірде сағат 8:00 кезінде аудандық ішкі істер басқармасына "Алтын Қазық" тұрғын алабында ер адамның баланы соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанып, олардың кім екенін анықтады", - делінген Ішкі істер бас басқармасы хабарламасында.

Тұрғын алабындағы үйлердің бірінде денесінің сау-тамтығы жоқ тоғыз жасар бала табылыпты. Милицияның мәліметіне сүйенсек, жеткіншекті туған нағашысы ұрып-соғып, көлікке байлап сүйреген.

Бала ауруханаға жеткізілді. Анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолына қалдырған екен.

Нағашысы тоғыз жасар жиенін көлікке байлап сүйреген

Күдікті ұсталды, аталған дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.