Әлем

Нағашысы тоғыз жасар жиенін көлікке байлап сүйреген

© Photo : Қырғыз Республикасы ішкі істер бас басқармасыНағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген
Нағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеткіншектің анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолында қалдырған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бішкекте 33 жастағы ер адам жиенін BMW көлігіне байлап, бірнеше метрге сүйреді деген күдікке ілінді, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

"27 сәуірде сағат 8:00 кезінде аудандық ішкі істер басқармасына "Алтын Қазық" тұрғын алабында ер адамның баланы соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Құқық қорғаушылар бірден оқиға орнына аттанып, олардың кім екенін анықтады", - делінген Ішкі істер бас басқармасы хабарламасында.

Тұрғын алабындағы үйлердің бірінде денесінің сау-тамтығы жоқ тоғыз жасар бала табылыпты. Милицияның мәліметіне сүйенсек, жеткіншекті туған нағашысы ұрып-соғып, көлікке байлап сүйреген.

Бала ауруханаға жеткізілді. Анасы Ресейге ақша табуға кетіп, ұлын нағашыларының қолына қалдырған екен.

© Photo : Қырғыз Республикасы ішкі істер бас басқармасыНағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген
Нағашысы тоғыз жасар жиенін көлікке байлап сүйреген  - Sputnik Қазақстан
Нағашысы жиенін көлікке байлап сүйреген

Күдікті ұсталды, аталған дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0