НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. "Nur Otan" партиясының атынан алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсетін елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінен емтиханды сәтті тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тестілеудің нәтижесін лингвистикалық комиссияның төрағасы, Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков жария етті.
"Біздің тапсырмамызға сәйкес ол "Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен Қара сөздері" тақырыбына шығарма жазды. Шығарма тамаша жазылған. Мәтін оқу үшін Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" жинағын таңдады – өте жақсы, мәнерлеп оқып берді, арыз-шағымымыз жоқ. Үшінші тапсырма – "Қазіргі Қазақстанның геосаясаты" тақырыбында сөз сөйледі. Біздің пікіріміз бір: президенттікке кандидат Тоқаев қазақ тілін мүлтіксіз меңгерген", - деді Жолдасбеков.
Лингвистикалық комиссияның өкілі Тоқаевтың бірде бір қате жібермегенін атап өтті.
Қазіргі президенттің қазақ тілді қалай меңгергенін лингвистикалық комиссияның алты мүшесі тексерген.
Президент лауазымына үміткер басқа кандидаттар да ауызша және жазбаша сынақ тапсырады.
Президент лауазымына қанша үміткер ұсынылды
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді
Қазір мемлекет басшысы лауазымына екі кандидат ұсынылған: "Nur Otan" партиясының атынан қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев және "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысынан жазушы, журналист Сәдібек Түгел.
Айта кетсек, кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.