Саясат

Емтихан бітті: Тоқаевтың қазақшасы қалай?

© Sputnik / Абзал КалиевҚасым-Жомарт Тоқаев ОСК-ға құжат тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК-ға құжат тапсырды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тілді қалай меңгергенін анықтаған емтихан екі сағатқа жуық уақытқа созылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. "Nur Otan" партиясының атынан алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсетін елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінен емтиханды сәтті тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тестілеудің нәтижесін лингвистикалық комиссияның төрағасы, Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков жария етті.

© Sputnik / Абзал КалиевҚасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына қазақ тілінен емтихан тапсыруға келді
Емтихан бітті: Тоқаевтың қазақшасы қалай? - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына қазақ тілінен емтихан тапсыруға келді

"Біздің тапсырмамызға сәйкес ол "Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен Қара сөздері" тақырыбына шығарма жазды. Шығарма тамаша жазылған. Мәтін оқу үшін Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" жинағын таңдады – өте жақсы, мәнерлеп оқып берді, арыз-шағымымыз жоқ. Үшінші тапсырма – "Қазіргі Қазақстанның геосаясаты" тақырыбында сөз сөйледі. Біздің пікіріміз бір: президенттікке кандидат Тоқаев қазақ тілін мүлтіксіз меңгерген", - деді Жолдасбеков.

© Sputnik / Абзал КалиевМемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясында
Емтихан бітті: Тоқаевтың қазақшасы қалай? - Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясында

Лингвистикалық комиссияның өкілі Тоқаевтың бірде бір қате жібермегенін атап өтті.

© Sputnik / Абзал КалиевҚР ОСК лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков
Емтихан бітті: Тоқаевтың қазақшасы қалай? - Sputnik Қазақстан
ҚР ОСК лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков

Қазіргі президенттің қазақ тілді қалай меңгергенін лингвистикалық комиссияның алты мүшесі тексерген.

Президент лауазымына үміткер басқа кандидаттар да ауызша және жазбаша сынақ тапсырады.

Президент лауазымына қанша үміткер ұсынылды

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.

Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

Қазір мемлекет басшысы лауазымына екі кандидат ұсынылған: "Nur Otan" партиясының атынан қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев және "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысынан жазушы, журналист Сәдібек Түгел.

Айта кетсек, кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0