НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қарағанды облысында сотталғандар бүлік шығарды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Тағы оқыңыз: Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді
ҚАЖК видеода әскерилердің арнайы тактикалық оқу-жаттығулары түсірілгенін түсіндірді. Долинка кентіндегі АК-159/6 мекемесінің базасында өткен оқу-жаттығуға Ұлттық ұлан әскери бөлімі, Қарағанды облыстық полициясы, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлімдері қатысқан.
Тағы оқыңыз: Қорғаныс министрі Назарбаевқа Қарулы күштердегі қазіргі ахуалды баяндады
Комитеттегілер мекемеде жағдай тұрақты екенін атап өтті. Бұл шаралар алдын ала жоспарланған екен, оқу-жаттығу жыл бойы өтеді.