Өңірлер

Қарағанды облысында сотталғандар бүлік шығарғаны рас па – министрліктің жауабы

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТүзеу колониясындағы сотталғандар, архивтегі сурет
Түзеу колониясындағы сотталғандар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер әлеуметтік желілерде тараған видеода полицейлердің арнайы оқу-жаттығуы түсірілгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қарағанды облысында сотталғандар бүлік шығарды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған видео қазақстандықтарды алаңдатып қойған еді. Онда қолдарына қалқан ұстаған әскерилердің ғимаратқа бет алғаны көрінеді.

Тағы оқыңыз: Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

ҚАЖК видеода әскерилердің арнайы тактикалық оқу-жаттығулары түсірілгенін түсіндірді. Долинка кентіндегі АК-159/6 мекемесінің базасында өткен оқу-жаттығуға Ұлттық ұлан әскери бөлімі, Қарағанды облыстық полициясы, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлімдері қатысқан.

Тағы оқыңыз: Қорғаныс министрі Назарбаевқа Қарулы күштердегі қазіргі ахуалды баяндады

Комитеттегілер мекемеде жағдай тұрақты екенін атап өтті. Бұл шаралар алдын ала жоспарланған екен, оқу-жаттығу жыл бойы өтеді.

Жаңалықтар
0