АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. "Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қосылып, бірге өмір сүрсе, олар бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду болар еді", дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Ол бұл туралы Oibay Show жобасына берген сұқбатында айтты.
Әншінің пікірінше, мәңгілік махаббат деген жоқ.
Сөз соңында Меруерт ханым өзіне бір жігіттің ғашық боп жүргенін де жасырмады.
"Ол маған ғашық. Маған онысы ұнайды. Ал әйел адам өзінің сезімі туралы айтпауы керек, бұл сондай қулық", - деп жұмбақтап сөйледі Меруерт ханым.
Тағы оқыңыз: Меруерт Түсіпбаева қызметтік махаббат туралы не ойлайтынын айтты
Айта кетсек, мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күні жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Мерекенің тарихы 1999 жылдан басталады. Осы жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай алғаш рет Қозы Көрпеш–Баян Сұлу күнін атап өтуді ұсынды. Ал 2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты.
Тағы оқыңыз: Сәкен Майғазиев Жәзираның Жанболаты екеуі кімнен таяқ жегенін айтты