Меруерт Түсіпбаева: Қозы мен Баян қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салар еді

© Photo : Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасыМеруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші Меруерт Түсіпбаева мәңгілік махаббат жоқ деген пікірде

АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. "Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қосылып, бірге өмір сүрсе, олар бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду болар еді", дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Ол бұл туралы Oibay Show жобасына берген сұқбатында айтты.

Әншінің пікірінше, мәңгілік махаббат деген жоқ.

Төреғали Төреәлі ойнаған Ұлы дала комедиясы фильмінің премьерасы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Төреғали Төреәлі шу туралы: жұрттың тірлігі маған келгенде жаңалық болып кетеді
"Неге Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды, Қыз Жібек пен Төлегенді жырлаймыз? Өйткені ол марқұмдар бір-бірімен қосыла алмаған. Ромео мен Джулетта да солай. Ал олар қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду боп жүретін еді. Ғашықтардың бір-біріне қолы жетпесе – сол махаббат. Ал бір-бірін тауып қосылса, өмірлері әдемі болады дейсіз бе? Жоқ, махаббат бес жыл ғана. Одан соң ырду-дырду, қырылыс, алыс-жұлыс, неше түрлі жағдайлар басталады отбасында", - дейді ол.

Сөз соңында Меруерт ханым өзіне бір жігіттің ғашық боп жүргенін де жасырмады.

"Ол маған ғашық. Маған онысы ұнайды. Ал әйел адам өзінің сезімі туралы айтпауы керек, бұл сондай қулық", - деп жұмбақтап сөйледі Меруерт ханым.

Тағы оқыңыз: Меруерт Түсіпбаева қызметтік махаббат туралы не ойлайтынын айтты

Айта кетсек, мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күні жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Мерекенің тарихы 1999 жылдан басталады. Осы жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай алғаш рет Қозы Көрпеш–Баян Сұлу күнін атап өтуді ұсынды. Ал 2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты.

Тағы оқыңыз: Сәкен Майғазиев Жәзираның Жанболаты екеуі кімнен таяқ жегенін айтты

Жаңалықтар
0