Қоғам

2019 жылы білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды

Гранттар ҰБТ кезінде алған сертификаттағы балға сәйкес конкурстық негізде беріледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. 2019 жылдың білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ-да алған сертификаттағы балға сәйкес конкурстық негізде берілетін болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес бөлінетін болады. Оның үстіне грантты тағайындау конкурсында төрт білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беріледі. Мысалы, биология мен химия пәндерін таңдағандар:

  • "Химия мұғалімдерін даярлау";
  • "Биологиялық және сабақтас ғылымдар";
  • "Ветеринария";
  • "Жалпы медицина" сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай алады.

Тағы оқыңыз: Білім министрі ҰБТ кезінде халықты сақ болуға шақырды

Егер шығармашылық емтихан қамтылған болса, онда білім беру грантын тағайындау конкурсында оған бір ғана білім беру бағдарламалар тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Биылғы оқу жылында білім гранты қаншаға өсті?
Мысалы, шығармашылық емтиханды қамтитын "Бастапқы әскери дайындық" мамандығына құжатын тапсыратындар тек қана "Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау" сияқты бір білім беру бағдарламалар тобын ғана таңдай алады.

Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php). 

Білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттар саны бекітілгеннен кейін ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылы ҰБТ-ға қатысты қандай өзгерістер болады

Ал грантқа ие болғаннан соң жоғары оқу орнына қабылдау кезінде тағы да нақты білім беру бағдарламасын таңдауыңыз керек болады. Мысалы, "Химия мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері болсаңыз, онда жоғары оқу орнына қабылданғанда "Химия" немесе "Химия-Биология" бойынша білім беру бағдарламасының біреуін таңдау қажет.