Қоғам

Биылғы оқу жылында білім гранты қаншаға өсті?

© Sputnik / Олег Ласточкин / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Басымдық техникалық, технологиялық және педагогикалық мамандықтарға берілген

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Бес жылда алғаш рет бакалавриаттағы білім грантын алты мыңнан астамға көбейтуге шешім қабылданды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Ағылшын тілі мұғалімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді

"Бес жылда алғаш рет білім гранты көбейді. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда, бакалавриаттағы саны 6230-ға артты. Барлығы 37932 грант бөлінген. Олардың 35082-сі бірінші курсқа қабылдау үшін, ал 2850-і ЖОО-дың дайындық бөліміне", — деп хабарлады Асылова орталық коммуникациялар қызметі брифингінде. 

Бағыттар бойынша, вице-министрдің берген мәліметіне сүйенсек, 13670 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға бөлінген, 8 235 — педагогикалық, 3 150 — медициналық, 2 682 — ауыл шаруашылығы және ветеринарлық.

Жаңалықтар
0