НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев УзА Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берді.
Тоқаев журналистермен әңгімеде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев президент қызметіне кірісуімен алғашқылардың бірі болып құттықтағанын атап өтті.
Қазақстан президенті Өзбекстан басшысының ел дамуының барлық негізгі бағыттарына, өңірдегі және әлемдегі жағдайды терең түсінуге бағытталған стратегиялық көзқарасын қадір тұтатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде өзінің алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстанға жасайды.
Тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп болжанып отыр. Сондай-ақ, екі ел президенті бірқатар маңызды құжатқа қол қойып, Қазақстанның Өзбекстандағы жылын ашуға қатысады.