Саясат

Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы не ойлайтынын ашық айтты 

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан мен Өзбекстанның туы
Қазақстан мен Өзбекстанның туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымындағы алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстанға жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев УзА Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берді.

 Тоқаев журналистермен әңгімеде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев президент қызметіне кірісуімен алғашқылардың бірі болып құттықтағанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничийді қабылдады - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Путинмен не туралы сөйлескенін айтты
"Жылы сөздері үшін оған шын жүректен алғыс білдіремін. Өзбек лидерінің Елбасымызға деген ізгі тілегін біздің елімізге терең құрметінің айғағы деп білемін. Президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы ауқымды түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру жөніндегі тарихи миссияны мойнына алды", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Қазақстан президенті Өзбекстан басшысының ел дамуының барлық негізгі бағыттарына, өңірдегі және әлемдегі жағдайды терең түсінуге бағытталған стратегиялық көзқарасын қадір тұтатынын атап өтті.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде өзінің алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстанға жасайды.

Тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп болжанып отыр. Сондай-ақ, екі ел президенті бірқатар маңызды құжатқа қол қойып, Қазақстанның Өзбекстандағы жылын ашуға қатысады.  

Жаңалықтар
0