АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық бірлестіктің XIX кезектен тыс съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.
"Съезд Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 23 сәуірде өтеді", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сейсенбі күні съезде партия мүшелері президенттікке өз үміткерін ұсынады.
Nur Otan – 1999 жылы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Отан" партиясы. Партияның көшбасшысы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады.
"Отан" республикалық саяси партиясының алғашқы съезі 1999 жылы 1 наурызда өткен болатын. Ол кезде ішінде кәсіпкерлер, бюджет саласының және мемлекеттік қызметтің қызметкерлері бар партияның 400 делегаты "Отан" партиясының төрағасы етіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан сайлаған.