Саясат

Nur Otan партиясы президенттікке өз кандидатын 23 сәуірде ұсынады

© Sputnik / Владислав Воднев"Нұр Отан" партиясының XVIII съезі
Нұр Отан партиясының XVIII съезі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы съезінің датасын белгіледі, съезде билік етуші партия атынан Қазақстан президенттігіне үміткер ұсыну жоспарланған

АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық бірлестіктің XIX кезектен тыс съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

"Съезд Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 23 сәуірде өтеді", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сейсенбі күні съезде партия мүшелері президенттікке өз үміткерін ұсынады.

Кітаптар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент сайлауы: кандидаттың қазақ тілін білетіні қалай анықталады?
Айта кетсек, 2019 жылдың 9 сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы болатынын жариялады. Көптеген саясаттанушының пікірінше, билік етуші партия өз кандидаты ретінде қазіргі президент Тоқаевты ұсынуы мүмкін.

Nur Otan – 1999 жылы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Отан" партиясы. Партияның көшбасшысы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады.

"Отан" республикалық саяси партиясының алғашқы съезі 1999 жылы 1 наурызда өткен болатын. Ол кезде ішінде кәсіпкерлер, бюджет саласының және мемлекеттік қызметтің қызметкерлері бар партияның 400 делегаты "Отан" партиясының төрағасы етіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бірауыздан сайлаған.

Жаңалықтар
0