Саясат

"Сіздерге байланысты": Тоқаев сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 9 маусымына белгіленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 СӘУІР - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді

"Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым", - деді Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде.

Президент алдымызда зор міндеттер тұрғанын, Қазақстан халқына сенім артатынын айтты.

"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың халыққа үндеуі - видеотрансляция

Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу жариялап, президенттің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеді. Мерзімінен бұрынғы сайлау осы жылдың 9 маусымында өтеді.