Саясат

Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуПрезидент сайлауы
Президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді.

"Бүгін елімізге және әрқайсысымызға қатысты аса маңызды үндеу жариялап отырмын. Еліміздің конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.

Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасының спикерімен, премьер-министрмен кездестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім", - деді Тоқаев. 

Айта кетсек, Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы 5 рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы, оның басым бөлігі кезектен тыс болды. 

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса ма

Жаңалықтар
0