НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді.
"Бүгін елімізге және әрқайсысымызға қатысты аса маңызды үндеу жариялап отырмын. Еліміздің конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.
Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасының спикерімен, премьер-министрмен кездестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім", - деді Тоқаев.
Айта кетсек, Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы 5 рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы, оның басым бөлігі кезектен тыс болды.
Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса ма