Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 мектепті тәмамдағаннан кейін Ленин комсомолы атындағы Рига азаматтық авиация инженерлері институтында "Авиациялық радиожабдықтарды техникалық пайдалану" мамандығы бойынша білім алды. 1974 жылы елге оралып, бірнеше ай инженер болып жұмыс істеді.
Ғарышкердің еңбек жолы
1975 жылдың қаңтар айында Мұсабаев Алматыдағы Қазақстан комсомолының Қазан аудандық комитетінің хатшысы болып таңдалды. 1976 жылдың 19 қаңтарынан бастап қазақ азаматтық авиациясында саяси тәрбие қызметі бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ, осы уақытта Мұсабаев жұлдыздарға жол ашқан оқуын оқып жүрді. 1984 жылы Алматы әуе клубындағы оқуын тәмамдап, 1986 жылы азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алды.
1986 жылдың көктем айынан бастап Талғат Амангелдіұлы қазақ ғарышкерінің айға сапары жобасының аясында медицина-биология проблемалары институтында медициналық тексерістен өтіп жүрді. Алайда жоба әрі қарай дамымай, жарты жолдан қалып қояды. Бұдан кейін Мұсабаев отанына оралып, 1987 жылдың қаңтар айынан бастап екінші ұшқыш болып жұмыс істеді. Ал 1989 жылдың 6 шілдесінен бастап Боралдай біріккен әуе отрядында Ан-2 ұшағының командирі болды.
Тағы оқыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз
1988 жылы Талғат Амангелдіұлы тағы да медициналық тексерістен өтіп, 1989 жылдың 27 ақпанында бас медициналық комиссияның шешімімен арнайы дайындыққа жіберілді.
1990 жылдың 11 мамырында РКФСР мемлекеттік ведомство аралық комиссияның шешімімен ғарышкерлер отрядының құрамына алынды.
1990 жылдың 6 маусымынан бастап Мұсабаев Ту-134 ұшағының екінші ұшқыш-тағылымгері, ал 25 тамыздан бастап Алматыдағы біріккен әуе отрядының бірінші жазғы отрядының ТУ-134 ұшағының екінші ұшқышы болды.
1990 жылдың қазан айында ғарышкерлерді даярлау орталығына жұмыс сапарымен барып, журналистер тобымен бірге жалпы ғарыштық дайындыққа кірісті. 1991 жылы ғарышкерлерді даярлау орталығына ғарышкер-зерттеуші кандидат ретінде штатқа қабылданды.
Ғарышқа алғашқы сапары
Талғат Мұсабаев жұлдыздар әлеміне алғаш рет 1994 жылдың 1 шілдесінен бастап 4 қарашаға дейін саяхаттады. Мұсабаев Жерден "Союз ТМ-19" кемесінің борт инженері ретінде ұшты. Осы кезде оған "Агат-2" атағы берілген болатын.
Тағы оқыңыз: Құранды аударған Халифа Алтай туралы не білеміз
Сапар кезінде Талғат Амангелдіұлы ашық ғарышқа екі рет шықты: 9 қыркүйек күні — 5 сағат 6 минут; 13 қыркүйек күні — 6 сағат 1 минут.
1996 жылдың 25 наурызынан бастап 1997 жылдың қаңтар айы аралығында Мұсабаев ЭО-23 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың командирі болып ұшуға дайындалды.
Ғарышқа екінші сапары
Талғат Мұсабаев жұлдыздар әлеміне бұдан кейін 1998 жылы ұшып, сол жақта 29 қаңтардан бастап 25 тамызға дейін болды. Бұл жолы оған "Кристалл-1" атағы берілді.
3 наурыз күні, ұзақтығы — 1 сағат 15 минут (бұл әрекеті сәтсіз болды);
1 сәуір күні, ұзақтығы — 6 сағат 40 минут;
6 сәуір күні, ұзақтығы — 4 сағат 15 минут;
11 сәуір күні, ұзақтығы — 6 сағат 25 минут;
17 сәуір күні, ұзақтығы — 6 сағат 33 минут;
22 сәуір күні, ұзақтығы — 6 сағат 21 минут.
1997 жылдың 28 шілдесіне Талғат Амангелдіұлы мемлекеттік ведомство аралық комиссияның шешімімен бірінші экипаждың командирі болып тағайындалды.
1999 жылдың 15 сәуірінен бастап 2000 жылдың мамыр айына дейін бірінші ресейлік экспедиция экипажының командирі ретінде дайындықтан өтті.
2000 жылдың 2 маусымында Мұсабаев ЭО-29 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың командирі болып тағайындалды.
Тағы оқыңыз: Әйгілі суретші Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны
2000 жылдың 12 маусымынан бастап Юрий Батуринмен бірге ЭО-29 бағдарламасы бойынша екінші экипаждың командирі ретінде ұшуға дайындалды.
2001 жылдың 11 қаңтарынан бастап Талғат Амангелдіұлы резерв экипаждың құрамында болды. Осы жылы Юрий Батурин және Дмитрий Титомен бірге "Союз ТМ" кемесін алмастыруға дайындалды.
Ғарышқа үшінші сапар
2001 жылы "Союз ТМ-32" кемесінің командирі ретінде ұшып, ғарыш әлемінде 28 сәуірден бастап 6 мамырға дейін болды.
2003 жылдың 27 қарашасында Мұсабаев ғарышкерлерді дайындау орталығы жетекшілігінің шешімімен құрамнан шығарылды. Бұған оның басқа жұмысқа ауысуы себеп болды.
Ғарыштан кейінгі өмір
2003 жылдың тамыз айында Талғат Амангелдіұлы Ресей Федерациясы авиация әскері дайындық басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осы жылдың қараша айынан бастап Жуковский атындағы әскери-әуе академиясы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2007 жылдың 11 сәуірінен бастап Қазақстан ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы болды.
2014 жылдың 13 тамызынан бастап үкімет басшысының азаматтық авиация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарды.
2014 жылдың 21 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2016 жылдың 20 қаңтарында 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2017 жылдың 13 шілдесінен бастап мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Алған атақтары мен марапаттары
1995 жылы "Халық қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", 1998 жылы "Отан" және бірінші дәрежелі "Барыс" орденін, 1999 жылы "Астана" медалін алды.
Тағы оқыңыз: Дінмұхаммед Қонаевтың өмірбаяны
Бұдан өзге Ресей Федерациясы тарапынан 1991 жылы "Халықтар достығы" орденін, 1994 жылы "Ресей Федерациясының қаһарманы" мен "РФ ұшқыш-ғарышкері", 1998 жылы екінші және үшінші дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін" марапаттарын иеленді.
Сондай-ақ,Австрия Республикасының орденімен және 1998 жылы АҚШ тарапынан "Ғарышқа ұшқан үшін" NASA медалімен марапатталды.
Талғат Мұсабаевтың отбасы
Ғарышкердің жұбайы Виктория Вольдемарқызы Мұсабаева 1952 жылы дүниеге келген. Тіс дәрігері болып жұмыс істейді. 1975 жылы дүниеге келген ұлы Данияр Мұсабаев Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері. Ал қызы Кәмилә Мұсабаева 1981 жылы туған.