Дерекқор

Қазақстанның қорғаныс министрі: Нұрлан Ермекбаевтың өмірбаяны

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрлан Ермекбаевтың өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келді.

Білімі мен біліктілігі

— 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтының шығыс тілдері факультетін үздік бітірді (Мәскеу);

— 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірді (Алматы);

— орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерінде сөйлейді;

— Төтенше және өкілетті елшінің дипломатиялық рангі.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, ұлы мен қызы бар.

Жұмыс тәжірибесі 

  • Ангола Республикасына жұмыс сапары (1984-1985);
  • КСРО Қарулы Күштері Бас штабының құрамында қызмет етті (1986-1991);
  • "Қазақстан-коммерция" компаниясының бас маманы (1991-1992);
  • "Крамдс" корпорациясының жетекші маманы, "КРАМДС-отель" корпорациясының бөлім бастығы (1992-1993);
  • Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігі жанындағы сауда өкілдігінің аға сарапшысы (1993-1995);
  • Австриядағы Қазақ сауда үйінің Алматыдағы өкілдігінің директоры (1995-1996);
  • "Алматы сауда және қаржы банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (1996-1997 жж.);
  • "Юнитэк ЛТД" компаниясының бас директоры (1997-1999);
  • "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ-ның Бейжіңдегі өкілдігінің басшысы (1999-2001);
  • Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігінің кеңесшісі (2001-2003);
  • Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы уақытша сенімді өкілі (2003-2004); 
  • Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2004-2006);
© Photo : Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіНұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Нұрлан Ермекбаев
  • Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006-2007);
  • Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары (2007-2010);
  • Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі (2010-2012);
  • Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2012-2013); 
  • Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2012-2014);
  • Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2012-2014);
  • 2014 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін — Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
  • 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды; 
  • 2018 жылдың 4 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
  • 2018 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені (2005);
  • "Парасат"ордені (2015);
  • "Жергілікті қақтығыстар қатысушысына. Ангола" медалі, "Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін" медалі;
  • "Президенттің алғысы" төсбелгісі және бірқатар мерейтойлық медаль;

Ғылыми атағы

  • Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Жаңалықтар
0