Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан қаласында ішімдік сатуға шек қою ұсынылды

Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сату шектелуі мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Елорданың ойын-сауық орындарында түнгі 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін ішімдік сатуға шектеу қою ұсынылды, деп хабарлайды Elorda Aqparat.

Қазақстанда ішімдік қымбаттайды

Бұл ұсыныс қала әкімдігінде ойын-сауық мекемелері мен халық көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту туралы өткен жиналыста айтылды.

"Тәртіп бұзушылықтың басым бөлігі ішімдік ішкен соң болады. Сондықтан мейрамхана, дәмханаларда түнгі сағат 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін ішімдік сатуды шектеуді ұсынамыз", - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман Жакин.

Биыл 41 ойын-сауық мекеме иесіне тәртіп бұзушылыққа әкеліп соғатын жайттарды жою керектігі ескертілген. 

"Темекі бұйымдарын сату ережесін бұзғаны үшін 86 мекеме жетекшісіне, түнде ойын-сауық орындарына кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізгені үшін 115 мекемеге ескерту берілді", - деді Госман Жакин.

Тағы оқыңыз: Ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

2018 жылдың қараша айынан бастап патрульдік қызметтің жұмыс істеу тәртібі өзгерген болатын. Полицейлердің біразы тәртіп бұзушылықты көлікпен емес, жаяу жүріп тексереді. Демалыс және мереке күндері барлық ойын-сайық орындарының жанында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.

Жыл басынан бері ойын-сауық орындарындағы тәртіп бұзушылық жайлы үш мыңға жуық қоңырау түскен.