Өңірлер

Атырау әуежайында әйел адамға оқ тиді: бірнеше полицей жазаланды

Полиция қызметкерлері зардап шегушіге қажетті көмек көрсетеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Атырау әуежайында абайсызда әйелге оқ атқан полицей, оның жетекшісі мен тағы бірнеше адам тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлады ҚР ІІМ  көліктегі полициясы департаментінің басшысы Аманжол Қабылов.

Атырау әуежайында полиция қызметкері әйел адамға абайсызда оқ атты - видео

Кеше, 29 наурыз күні Атыраудағы халықаралық әуежайдың жеке тексеру бөлмесінде полиция қызметкері абайсызда оқ атқан болатын. Ол банктің инкассация қызметінің қаруын тексермек болған. Оқ күту залында отырған әйел адамға тиді.

"Бұл жағдайға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Сержант полиция қызметкерінің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шығарылды", - деді Қабылов.  

Сондай-ақ оның басшысы да қызметінен босатылды. Тағы бірнеше лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.

Атыраудағы желілік полиция бөлімі зардап шеккен әйелге қажетті көмек көрсетеді.

"Қазір әйел адамның жағдайы қанағаттандырады. Ол бүгін ауруханадан шығады. Көліктегі полиция департаменті жетекшілігі бұл жағдайға қатысты өкініш білдіріп, зардап шегушіге қажетті көмек көрсететін болады", - деді Қабылов.

Жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкерлері салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын жүргізуде.