Видео

Жанар Айжанова заманауи ролик жасаймын деп елдің сөзіне қалды - видео

Желідегілер Жанар Айжанованың жасына сай емес қылығы үшін жерден алып, жерге салған
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Интернетте пайда болған әнші Жанар Айжанованың жаңа ролигін жұрт қызу талқылап жатыр. 

Көшеде әйелдердің су киімімен жүрген жігіт жұрттың жағасын ұстатты - видео
Бұл ролик ел назарын өзіне бұра алғанмен, оның авторына онша әбүйір әпере қоймаған секілді. Өйткені оқырмандардың көбісі 50-ден асқан әйелдің роликтегі іс-әрекеттері өз жасына сай емес деп тапқан.

"Жастарға үлгі болатын апа ғой, ерсі қылық танытқаны болмады" деп жазса желі қолданушының бірі, тағы бірі "Түк жараспайды, арзан жыртақойлықтың не қажеті бар, алжыды" деп ренжіген.

Ал роликте Айжанова кезінде хит болған Нұрлан мен Мұрат тобының "Шашы ұзын қыз" әнінің мақамына сап, әлеуметтік желі туралы ән салып, кәрістердің K-pop-ына ұқсатып билеп, түрлі челендждерді орындайды.

Видеоәлеуметтік желілерәншішоу-бизнес