Өңірлер

Көшеде әйелдердің су киімімен жүрген жігіт жұрттың жағасын ұстатты - видео

CC0 / Sarah Richter / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала ішінде су киіммен жүрген жігіт айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

АҚТАУ, 20 тамыз — Sputnik. Ақтауда әйелдердің су киімін киген жас жігітті тұрғындар видеоға түсіріп алған. Енді оған айыппұл салынуы немесе бірнеше тәулікке қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды lada.kz.

Қала тұрғындарының бірі түсірген видеода мас жігіт әйелдердің су киімін киіп, көшеде алшаң басып келе жатыр. Балаларымен қыдырып жүрген әйелдер оны көріп, шошып кетті.

Өзін видеоға түсіріп тұрған кісінің сұрағына амалсыз жауап қатқан жігіт біреумен бәстесем деп жеңіліп, енді осылай жүруге мәжбүр болғанын жеткізді.

"Қазір полиция видеоны тексеріп жатыр, содан соң жас жігітті іздейді, — деп мәлімет берді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына "Ұсақ бұзақылық"  сәйкес келеді.

Дима Билан Экспоның фонында іш киіммен суретке түсті

Ақтауда жартылай жалаңаш қыздар көлік жуып жатыр — видео

Жаңалықтар
0