Қоғам

Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады

Тұрсынов жаңа қызметке дейін президенттің әкімшілігінде жұмыс істеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Әділ Тұрсынов Елбасы кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - деп жазылған құжатта.

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды
Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы ҚР Сыртқты істер министрлігінің дипломатия академиясын бітірген.

Түрлі кезеңдерде ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Үндістан, Әзербайжан, Сингапур және Грузиядағы елшіліктерінде қызмет атқарған.

Сондай-ақ СІМ-де Еуропа және ТМД департаменттерінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары және 2016 жылдан бастап меңгерушісі лауазымдарын атқарды.