НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Әділ Тұрсынов Елбасы кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - деп жазылған құжатта.
Түрлі кезеңдерде ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Үндістан, Әзербайжан, Сингапур және Грузиядағы елшіліктерінде қызмет атқарған.
Сондай-ақ СІМ-де Еуропа және ТМД департаменттерінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары және 2016 жылдан бастап меңгерушісі лауазымдарын атқарды.