Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Ресей" матчын тамашалауға келді - фото

Қос команда арасындағы матч "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Ресей" футбол матчын тамашалауға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Ресей" матчын тамашалауға келді - фото

Футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы ресейліктермен бақ сынасып жатыр. Матч Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат сегізде басталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Ресей" матчын тамашалауға келді - фото

Кездесуге словениялық Славко Винчич төрелік етеді. Оған төрешілер Томаж Кланчник, Андраж Ковачич, Раде Обренович көмектеседі.

Қос құрама арасындағы матчта алғашқы голды ресейлік ойыншы Денис Черышев соқты. Есеп әзірге 1:0, Ресей құрамасы алда.

Бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Шотландия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, жанкүйелерін бір қуантып тастаған болатын.