НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Ресей" футбол матчын тамашалауға келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан құрамасының ойынын тамашалауға келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан құрамасының ойынын тамашалауға келді
© Sputnik / Владислав Воднев
Футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы ресейліктермен бақ сынасып жатыр. Матч Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат сегізде басталған.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан құрамасы Ресейге қарсы матч алдында

Қазақстан құрамасы Ресейге қарсы матч алдында
© Sputnik / Владислав Воднев
Кездесуге словениялық Славко Винчич төрелік етеді. Оған төрешілер Томаж Кланчник, Андраж Ковачич, Раде Обренович көмектеседі.
Қос құрама арасындағы матчта алғашқы голды ресейлік ойыншы Денис Черышев соқты. Есеп әзірге 1:0, Ресей құрамасы алда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Шотландия құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, жанкүйелерін бір қуантып тастаған болатын.