Саясат

Назарбаевтың отставкасы қарсаңында ешкім телефон тұтқасын көтермеді  – Симоньян

Наурыз мерекесіне байланысты бес күндік демалыс қарсаңында жұрт күтпеген оқиғадан есеңгіреп қалды, деп атап өтті Маргарита Симоньян
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігінің шенеуніктері кеше телефон қоңырауларына жауап бермеді, деп жазды "Россия сегодня" ХАА мен Sputnik агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян.

 Симоньян Telegram-да Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне түсініктеме берді.  

Сарапшылар Назарбаевтың кетуі теңге бағамына қалай әсер ететінін айтты
"Тұтас элита, жалпы жұрттың барлығы күтпеген оқиғадан есеңгіреп қалды. Отставка туралы шешім кеше қабылданған сияқты, екі күн бұрын президент әкімшілігінің шенеуніктері телефон қоңырауларына жауап беріп еді, ал кеше мен қоңырау соққандардың бірде-біреуі тұтқаны көтермеді", - деп жазды Симоньян.

Ол Қазақстанда бес күн аталып өтетін Наурыз мерекесі басталып жатқандықтан Назарбаевтың шешімі күтпеген оқиға болғанын айта кетті.

2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирде Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ол  Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының басшысы болып қала береді. Қазақстан президенті міндетін уақытша сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Ол 2013 жылдан 2019 жылдың 19 наурызына дейін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болды.