АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігінің шенеуніктері кеше телефон қоңырауларына жауап бермеді, деп жазды "Россия сегодня" ХАА мен Sputnik агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян.
Симоньян Telegram-да Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне түсініктеме берді.
Ол Қазақстанда бес күн аталып өтетін Наурыз мерекесі басталып жатқандықтан Назарбаевтың шешімі күтпеген оқиға болғанын айта кетті.
2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирде Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ол Қауіпсіздік кеңесі мен Nur Otan партиясының басшысы болып қала береді. Қазақстан президенті міндетін уақытша сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Ол 2013 жылдан 2019 жылдың 19 наурызына дейін Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болды.