АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. 9 жасар алматылық Жан Маким Ресейдің "Голос. Дети" тележобасында өнер көрсетіп, қазылар алқасын өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әділ қазылар алқасында отырған Пелагея мен Светлана Лобода да Жанның өнеріне жоғары баға берді.
Қазақстандық жасөспірім өзіне jazz және pop музыкасы ұнайтынын атап өтті.
9 жасар Жан Маким Алматыда туып-өскен. Музыкамен бала кезден айналысады. Сүйіп тыңдайтын әншілерінің арасында аты аңызға айналған Майкл Джексон, Стиви Уандер мен басқа да әлем жұлдыздары бар.
Сондай-ақ, ол футбол ойнайды, жүзу секциясына барады.
Жан Маким – ресейлік байқаудың алтыншы маусымына сүрінбей өткен екінші қазақстандық. Бұған дейін оралдық Ержан Максим әділ қазылар алқасын тәнті еткен еді. Қазақ баласы өзінің тәлімгері ретінде Валерий Меладзені таңдаған болатын.