Мәдениет

Меладзенің өзі бұрылды: 9 жасар қазақстандық Ресей әншілерін аузына қаратты – видео

© Photo : Youtube / The Voice Kids Russia/Голос ДетиЖан Маким "Голос. Дети" байқауында
Жан Маким Голос. Дети байқауында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда туып-өскен Жан Макимге jazz және pop стиліндегі музыка ұнайды

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. 9 жасар алматылық Жан Маким Ресейдің "Голос. Дети" тележобасында өнер көрсетіп, қазылар алқасын өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ержан Максим - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Димаштың жолын қуамын": Ресей әншілерін тәнті еткен қазақ баласы өзі туралы айтты - видео
Қазақстандық жас әнші Стив Уандердің Sir Duke әнін орындады. Жас таланттың өнеріне сүйсінген Валерий Меладзе әншіге бірінші болып бұрылды.

Әділ қазылар алқасында отырған Пелагея мен Светлана Лобода да Жанның өнеріне жоғары баға берді.

Қазақстандық жасөспірім өзіне jazz және pop музыкасы ұнайтынын атап өтті.

9 жасар Жан Маким Алматыда туып-өскен. Музыкамен бала кезден айналысады. Сүйіп тыңдайтын әншілерінің арасында аты аңызға айналған Майкл Джексон, Стиви Уандер мен басқа да әлем жұлдыздары бар.

Сондай-ақ, ол футбол ойнайды, жүзу секциясына барады.

Жан Маким – ресейлік байқаудың алтыншы маусымына сүрінбей өткен екінші қазақстандық. Бұған дейін оралдық Ержан Максим әділ қазылар алқасын тәнті еткен еді. Қазақ баласы өзінің тәлімгері ретінде Валерий Меладзені таңдаған болатын.

Жаңалықтар
0