Спорт

Данияр Елеусінов 37 жеңісі бар мексикалықты жеңді – видео

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Sputnik

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) АҚШ-та кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусінов 18 мәрте нокаутпен жеңген мексикалықпен кездеседі
Отандасымыз Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Елеусінов жартылай орта салмақта 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) қолғап түйістірді.

Сегіз раундтық жекпе-жек соңына дейін созылды. Елеусінов қарсыласын төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңді.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның үшеуі – нокаутпен. Ал Ортис үшін бұл спорттық мансабындағы 24-ші жеңіліс.

Елеусінов кәсіпқой рингке алғаш рет өткен жылдың сәуірінде шыққан болатын.