Спорт

Данияр Елеусінов 18 мәрте нокаутпен жеңген мексикалықпен кездеседі

© Photo : Round By Round Boxing Данияр Елеусінов шаршы алаңда
Данияр Елеусінов шаршы алаңда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің қарсыласы өзгерді

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) АҚШ-та алтыншы жекпе-жегін өткізеді.

Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусіновтің туған ағасы қарсыласын 10 секундта сұлатты – видео
BoxRec.com сайтының мәліметінше, Данияр Елеусінов 15 наурыз күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында 36 жастағы мексикалық боксшы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған, деп хабарлады Prosports.kz. 

Бұған дейін қазақстандық боксшы мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) кездесуі қажет еді. Алайда Карлос Хименес жекпе-жектен бас тартып, 16 наурыз күні Канадада Батыр Жүкембаевпен кездесуді шешкен.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

 

Жаңалықтар
0