Елорда тынысы

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі
Sputnik

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik, Дәурен Ерболат. Елорда көшелерінде ілінген жарнамалардағы қатеден көз сүрінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кейбір кәсіпкерлер мемлекеттік тілдегі жарнамаға, әрі оның мазмұнына пысқырып та қарамайтын сияқты. Себебі, орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі.

Мысалы, кейбір жарнамаларда қазақ тілінің заңдылығы сақталмаған, кейбірінде грамматикалық қателер бар. Ал енді бірінде мәтін сөзбе-сөз аударылған. Оған қымсынып жатқан ешкім жоқ сияқты. Оны төмендегі суреттерден байқадық.

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

"Ламинирование" сөзі қазақшаға "үлдірлеу" деп аударылған.

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

"Необычные канцелярские товары" қазақша "қызық кеңсе тауарлары" деп тәржімаланыпты. Кәсіпкер осындай әдіспен клиентті көбірек тартқысы келсе керек.

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Республика даңғылы. Медициникалық клиника қандай қызметтер көрсететін жазып қойған. Қазақша аудармасын түсіну қиын. 

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Мына аударманы түсініп көріңіз. 

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Республика даңғылының бойындағы мына дәмхана "көмір түтінен" кәуап пісіреді екен.

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Қаланың қақ ортасында тұрған билбордтар.

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

"Сочный" сөзінің аудармасы туралы не ойлайсыз?

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Компания нені жарнамалап жатқаны түсінікті. Бірақ қазақшасы көңіл көншітпейді. 

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Еліміздегі ең ірі кітап дүкендерінің бірінің жарнамасы. Орысшасы жанға жағымды, бірақ қазақшасын түсіну қиын.

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

Астанадағы ең биік ғимараттардың біріндегі лифтіде тұрған ескертпе. Қазақша аудармасы еріксіз күлкіңізді келтіреді.