Елорда тынысы

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik, Дәурен Ерболат. Елорда көшелерінде ілінген жарнамалардағы қатеден көз сүрінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кейбір кәсіпкерлер мемлекеттік тілдегі жарнамаға, әрі оның мазмұнына пысқырып та қарамайтын сияқты. Себебі, орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі.

Мысалы, кейбір жарнамаларда қазақ тілінің заңдылығы сақталмаған, кейбірінде грамматикалық қателер бар. Ал енді бірінде мәтін сөзбе-сөз аударылған. Оған қымсынып жатқан ешкім жоқ сияқты. Оны төмендегі суреттерден байқадық.

© SputnikЛаминирование - "үлдірлеу"
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Ламинирование - "үлдірлеу"

"Ламинирование" сөзі қазақшаға "үлдірлеу" деп аударылған.

© Sputnik"Қызық кеңсе тауарлары"
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
"Қызық кеңсе тауарлары"

"Необычные канцелярские товары" қазақша "қызық кеңсе тауарлары" деп тәржімаланыпты. Кәсіпкер осындай әдіспен клиентті көбірек тартқысы келсе керек.

© SputnikМедициналық қызметтердің аудармасы
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Медициналық қызметтердің аудармасы
© SputnikМедициналық мекеменің лозунгі
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Медициналық мекеменің лозунгі

Республика даңғылы. Медициникалық клиника қандай қызметтер көрсететін жазып қойған. Қазақша аудармасын түсіну қиын. 

© SputnikЖарнаманың "жарымжан" аудармасы
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Жарнаманың "жарымжан" аудармасы

Мына аударманы түсініп көріңіз. 

© Sputnik"Түтіннен жасалған" кәуап
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
"Түтіннен жасалған" кәуап

Республика даңғылының бойындағы мына дәмхана "көмір түтінен" кәуап пісіреді екен.

© SputnikНесие берушілердің жарнамасы
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Несие берушілердің жарнамасы
© SputnikПәтер сату жарнамасы
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Пәтер сату жарнамасы
© Sputnik"Жұмыс іздеп жүрсіңбе?"
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
"Жұмыс іздеп жүрсіңбе?"

Қаланың қақ ортасында тұрған билбордтар.

© Sputnik"Шырынды" күркетауық еті
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
"Шырынды" күркетауық еті
© Sputnik"Шырынды" дәм
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
"Шырынды" дәм

"Сочный" сөзінің аудармасы туралы не ойлайсыз?

© SputnikЖылытқыштың жарнамасы
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Жылытқыштың жарнамасы

Компания нені жарнамалап жатқаны түсінікті. Бірақ қазақшасы көңіл көншітпейді. 

© Sputnik"Сенің жаныңдағы шығармашылық әлемі"
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
"Сенің жаныңдағы шығармашылық әлемі"

Еліміздегі ең ірі кітап дүкендерінің бірінің жарнамасы. Орысшасы жанға жағымды, бірақ қазақшасын түсіну қиын.

© SputnikЛифтті пайдалану ережелері
Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото - Sputnik Қазақстан
Лифтті пайдалану ережелері

Астанадағы ең биік ғимараттардың біріндегі лифтіде тұрған ескертпе. Қазақша аудармасы еріксіз күлкіңізді келтіреді.

Жаңалықтар
0