Театрдың тарихы
Өнер ордасы 1935 жылы Ақтөбе қаласында халық комиссары Темірбек Жүргеновтің ұсынысымен ашылды. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Гүлшат Омарованың жетекшілігімен "Еңлік – Кебек", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Амангелді", "Қыз Жібек", "Исатай − Махамбет" сияқты өзге де қазақ классиктердің шығармалары сахна төріне жол тартты.
1948 жылы соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтарға байланысты орыс театры өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Орыс театрының келесі қадамы 1965 жылы қазақ ССР кеңес министрлігінің № 707 (1964 жылдың 13 қазанынан бастап) шыққан үкімімен алғашқы директоры Владимир Сергеевич Тихонов басшылығымен облыстық мәдениет үйінде басталды.
1966 жылдың қаңтарында алғаш театр маусымында Александр Штейннің "Нөсердің арасында" пьесасы сахналанды.
Тағы оқыңыз: "Екі езу" сатира театрының құрылу тарихы
Алғашқы театр маусымында 29 адамнан құралған труппаның 9 қойылымы көрерменге жол тартты.
1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрында қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Труппа 1992 жылдың 18 шілдесінде Тахауи Ахтановтың "Күшік күйеу" спектаклімен өз шымылдығын ашты. Қазақ театрының алғашқы директоры Қорлан Бөлеков, режиссері Дихан Жәлекенов болды.
2013 жылдың 31 наурызынан Ақтөбе облысы әкімдігінің шешімімен облыстық "Екі езу" сатира театры және Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрына труппа болып қосылды.
2017 жылдың 9 қыркүйегінде "Екі езу" әзіл-сықақ театры болып қайта бөлініп шықты. 2013-2017 жыл аралығында Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрын "Екі езу" сатира театрының негізін салушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан басқарды.
Өнер ордасының жүлделері мен марапаттары
2017 жылдың 1 қарашасынан бастап театр ұжымын Нұрхан Кенжебайұлы Кәдірбаев басшылыққа алды.
Бүгінгі күні театрда қазақ және орыс труппалары жұмыс жасайды. Театр ұжымының шығармашылық жетістіктері бірнеше жүлделермен көзге көрініп келеді.
1987 жылы Петропавлда өткен республикалық театр фестивалінде Ақтөбе облыстық драма театры "Цар Федор Иоаннович" қойылымымен 1-орын иеленіп, өзінің актерлік шеберлігін көпшілік қауымға дәлелдеді.
Орыс труппасы 1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Леонард Герштің "Тәуелсіз көбелектер" спектаклімен 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2000 жылы қазақ труппасы "Айман-Шолпан" спектаклін көрермен назарына ұсынып, республикалық театр фестивалінде лауреат атанды.
2004 жылы театр әртісі Елтай Кемал XVII "Шабыт" халықаралық жастар фестивалінде Мұқағали Мақатаевтың "Арпалыс" спектаклін үздік қойып, басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат атанды.
2005 жылы Қызылорда қаласында өткен фестивальде режиссер Виттих "Жүрек секілді қатыгез" спектаклін қойғаны үшін лауреат атанды.
2007 жылы қазақ труппасы Жетпісбаевтың "Бала мерген" шығармасымен "Ең үздік балалар ертегісі" номинациясымен үздік шықты.
2012 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық IV Орталық Азия театр фестивалінде Лорканың "Бернард Альбаның үйі" спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін "Құрмет" орденінің, актриса Раиса Телеуова "Ең үздік әйел рөлі" номинациясының иегері атанды.
2013 жылы Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған XXI Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінде қазақ труппасы халық жазушысы Тахауи Ахтановтың "Ант" қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
Тағы оқыңыз: Мемлекеттік корей театры туралы қызықты деректер
2013 жылдың ақпан айында басшылық пен шығармашылық топтың қалауымен театр базасында шығармашылық зертхана жинақталып, оған театр актрисасы Ольга Павлова басшылық етті.
2013 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті және Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалін өткізді.
2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік балалар және қуыршақ театр фестиваліне қазақ труппасы Артықбаеваның "Кім патша?" қойылымымен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Фестиваль аясында өткен конференцияда Қазақстаннан келген театр ұжымын ерекше атап өтті.
2017 жылы Шымкент қаласында өткен "Ашық алаң" республикалық тәуелсіз театр фестиваліне облыстық драма театры жанындағы "Лесница" шығармашылық зертханасы "Жаңа үздік қойылым үлгісі" номинациясымен марапатталды.
2018 жылы Алматы қаласында Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен "Сахнагер-2018" байқауында жас актер Бағдат Телеуғалиев ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясының иегері атанды.