Дерекқор

"Екі езу" сатира театры

"Екі езу" эстрадалық миниатюра театры 1998 жылы 22 наурызда облыстық "Ақтөбе" газетінің жанынан күлкі клубы ретінде құрылды
Sputnik

Газет тілшісі Нұрлыбек Жұбатқанның бастауымен театр құрамына қаладағы талантты жастар тартылды. Театр сахнасында Нұрлыбек Жұбатқан жазған әзіл-сықақ қойылымдары орындалды.

Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Бастапқы мүшелері Тамашаның тарланы Бақыт Айтова, Нұрдәулет Ақжігітов, Берік Нұрмағанбетов, Талғат Тілеулесов, Гүлсім Қаратаева болды. Жас ұжымның негізгі мақсаты - қазақтың әзіл-қалжыңын халыққа кеңінен насихаттау және ауылдық жерлерде мәдениеттің өсіп-өркендеуіне үлес қосу.

Өнер ордасының Ақтөбе облысының мәдени өміріне елеулі еңбек сіңіріп, халыққа, республика деңгейінде кеңінен таныла бастағаны ескеріліп, 2001 жылы 2 сәуірде облыс әкімінің шешімімен театр мемлекеттің құзырына өтті.

"Екі езу" сатира театры

"Екі езу" театрының жетістіктері

Театр Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Тараз, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында гострольдік сапарларда болып қайтты. Үш рет Астанада Елбасы қатысқан мемлекеттік мерекелік концертке атсалысты.

Алматы қаласындағы "Гүлдер" ансамбліне және "Тамаша", "Күлкі керуен", "Көпен келе жатыр", "Құдайберген – театр" атты әзіл-сықақ театрлары тарапынан шақыру алып отырды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы жалғыз корей театры туралы деректер

"Екі езу" театры 2001 жылы түңғыш рет республика деңгейінде Алматы қаласында ұйымдастырылған әзіл-сықақ сайысында жүлделі орынды иеленсе, сол жылы Астана қаласында өткен халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. 

"Екі езу" сатира театры

2012-2014-жылдары "Хабар" арнасы ұйымдастырған "Ду-думан" телевизиялық шоуына қатысты. 2013 жылы ұлтық арнаның ұйымдастыруымен өткен "Жұлдызды сәт" сайысында жеңіске жетті.

Театр жетекшісі мен әртістері

Театрдың директоры әрі құрушысы Нұрлыбек Жұбатқанға 2003 жылы "Жыл адамы" атағы берілді. Ақтөбе облысында театр саласына қосқан елеулі еңбектері үшін мәдениет министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры
Ол Қазақстан журналистер одағының мүшесі, республикалыќ сатиралық "Ара" журналының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. Жазған шығармалары республикалық сахналарда орындалып жүр. "Ауылдағы айтқыштар", "Қатираның құрт зауыты", "Түйреуіш" атты сатиралық кітаптардың авторы.

Театрдың қазіргі шығармашылық ұжымында Құралбек Құрманғалиев, Берік Нұрмағанбетов, Қазихан Балдайыров, Ерлік Шайқақов, Бекбол Тәтебаев, Гүлзат Ермағанбетова, Берік Тулегенов, Ерлан Құлжаев және Әмірхан Қоңыратбаев жұмыс істейді.