Дерекқор

"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры

© www.astanaopera.kz"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Астана Опера мемлекеттік опера және балет театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде елдің бас қаласының көз тоймас жауһарына айналған "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды

Әлемдегі сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған театр архитектурасынан ұлттық нақышты анық байқауға болады. Сондай-ақ, театр әлемдік стандарттарға сай толықтай техникамен жабдықталған.

театр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұхамедиұлы театр әртістерінің қанша алатынын айтты
Өнер ордасы өзінің алғашқы шымылдығын 2013 жылдың 21 маусымында қазақ музыкасының қазынасы саналған Мұқан Төлебаевтың "Біржан — Сара" операсымен ашты. Мұнымен қатар, осы жылы театр халықаралық қауымдастыққа Джузеппе Вердидің "Аттила" туындысын ұсынып, әлемдік деңгейде тұсаукесерін жасады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров тағайындалды. Ғалым Ахмедьяров Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Әртүрлі жылдары консерватория оқытушысы, ҚР республикалық гвардиясы президенттік оркестрінің халық аспаптары ансамблінің басшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ әуендері" АҚ президенті болып еңбек етті. Бұдан кейін 2014 жылдың 3 қарашасынан бастап ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 2010 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын иеленді.

"Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының бас сахнасының көлемі 935 шаршы метрді құрайды. Ал ені — 21 метр, тереңдігі — 59 метр. Театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде "қалта" деп аталатын бұл сахналар қажет болғанда дайын декорациялармен жылжып отырады. Осы сахналар арқасында қойылымдар арасындағы үзіліс қысқа әрі ең күрделі деген спектакльдерді сахналауға болады.

Тағы оқыңыз: Қазақ музыкасы Мәскеу жұртын тәнті етті

Сахнадан 12 метр тереңдікте "төменгі деңгей" деп аталатын автоматты басқару жүйесі бар машинарий орналасқан. Ал оркестр шұңқырына 120 музыкант сыяды.

Театр залы 1 250 көрерменге есептелген. Осының ішінде 450-і — партер. Басты зал аттың тағасына — "Ла Скала" сияқты әлемнің үздік опера театрларының залына ұқсатып жасалған. Сондай-ақ, ұлттық нақышта безендірілген бірнеше қабаттан тұрады. Бұдан өзге театр қабырғасында 8 қосымша зал, 11 дайындық орны, 250 орынға есептелген камералық музыка мен баспасөз залдары бар.

© Photo : пресс-служба театра "Астана Опера""Щелкунчик" балеті
Астана опера мемлекеттік опера және балет театры - Sputnik Қазақстан
"Щелкунчик" балеті

Бүгінгі таңда "Астана Опера" репертуарында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай", Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек" опералары, Ғазиза Жұбанованың музыкасына қойылған "Қарагөз" балеті сияқты ұлтымыздың атақты сазгерлерінің шығармалары бар. Бұдан өзге театр сахнасында әлемдік опера мен балеттің классикасына айналған Жорж Бизенің "Кармен", Петр Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару", "Аққу көлі", "Шерткіш", Джакомо Пучинидің "Қайғы", "Богема", "Мадам Баттерфляй", Джузеппе Вердидің "Травиата", "Аида", Сергей Прокофьевтің "Ромео мен Джульетта", Людвиг Минкустың "Баядерка" мен "Дон Кихот", Кеннет Макмилланның "Манон", Ролан Петидің "Париж Құдай анасының соборы", Борис Эйфманның "Роден", Арам Хачатурянның "Спартак" және Борис Асафьевтің "Бақшасарай бұрқағы" секілді балеттері қойылып жүр.

Жоғарыда аталған спектакльдер көрнекті сценограф Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші — "Оскар" сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, Павел Драгунов пен Софья Тасмағамбетованың қатысуымен Алтынай Асылмұратова, Михаил Панджавидзе, Юрий Григорович, Борис Эйфман, Франко Дзеффирелли сынды атақты тұлғалардың қойылымында көрерменге ұсынылып жүр.

© ИА Новости-Казахстан, Болат Шайхинов"Астана Опера" шеберханасы
Астана опера мемлекеттік опера және балет театры - Sputnik Қазақстан
"Астана Опера" шеберханасы

"Астан опера" театрының сахнасында Бибігүл Төлегенова, Жәния Әубәкірова, Нұржамал Үсенбаева, Алан Бөрібаев, Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева сынды танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетіп жүр. Бұлардан өзге әлемдік музыканың майталмандары Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Светлана Захарова, Вадим Репин, Денис Мацуев, Владимир Спиваков, Ильдар Абдразаков, Пласидо Доминго, Зубин Мета, Елена Образцова, Валерий Гергиев өнерін халыққа паш етті.

Астана Опера театры - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Астана-Опера" театры қазақ классикасының жауһарын сахналайды
Әртістер ғана емес, әлемдік деңгейдегі неополитандық "Сан-Карло", генуялық "Карло Феличе", Санкт-Петербургтегі Мариин, Новосібір опера және балет театры, Захарий Палиашвили атындағы Тбилиси мемлекеттік опера және балет театры және тағы басқа айтулы ұжымдар "Астана опера" театрына гастрольдік сапармен келеді.

2017 жылы ЭКСПО аясында бірқатар іс-шара қолға алынып, Пласидо Домингоның ХХV халықаралық "Опералия" вокалистер байқауы, Жермон партиясындағы Пласидо Домингоның қатысуымен "Травиатаның" екі қойылымы, миландық Ла Скала театрының гастрольдері аясында Джузеппе Вердидің "Фальстаф" операсы және Бетховеннің №9 симфониясы, сондай-ақ Қазақстан мен Италиядан келген 1 200 хор әртістері және оркестрдің қатысуымен Густав Малердің №8 симфониясы сәтті қойылды.

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры көрермен үшін барынша ыңғайлы етіп жасалған. Барлық әлеуметтік топ, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап қолайлы лифт мен орындықтар жасалған. Қойылымдар кестесі мен билеттер бағасын театр сайтынан көруге болады. 

Жаңалықтар
0