Қоғам

"Бұрынғы қызының кесірі" Астаналық бойжеткен жігітін қарғыс атқанын айтты

Оқырмандар бойжеткенге мешітке барып, садақаға тастауға, тәуіпке баруға кеңес берді
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 25 жастағы қыз жігітімен ұзақ жылдар бойы кездесіп жүргенін, оның үнемі жолы болмай жүретінін айтып, кеңес сұрады. Бұл туралы бойжеткен instagram желісіндегі astana_forum парақшасында жазды.

Ел естімеген оқиға: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады
"Сіздер ақыл-кеңес береді деген ниетпен жазып отырмын. Жігітім екеуміз 25 жастамыз. Бір-бірімізді қатты сүйеміз. Ол – өте мейірімді, еңбекқор. Соңғы бірнеше жылда оның жолы болмай жүр. Мәселе сонда. Бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Жүргенімізге де ұзақ уақыт болды", - деді ол.

Сонымен қатар жас қыз жігітінің үнемі жолы болмайтынын айтып, мұңын шақты.

"Ол күзде жұмысындағы сатыдан құлап, аяғының буынын шығарып алды. Одан бөлек, көптеген келеңсіз жайт болды. Кейін ірі жол апатына түсті. Құдай сақтап, тірі қалды. Бірақ көлігін жөндеймін деп көп шығынға ұшырады. Кездейсоқ қолын сындырып алды. Сол үшін жұмыстан шықты. Себебі, бір қолымен жұмыс істей алмады. Көлігі үнемі сынады немесе жол апатына түседі. Не істерімді білмеймін", - дейді бойжеткен.

Сондай-ақ 25 жастағы қыз жігітінің сәтсіздіктерін қарғыспен байланыстыратынын айтып, жұрттан ақыл кеңес сұрады.

"Қорада" тұрып жатырмыз: Жас қыз неліктен жігітпен кездесуге ұялатынын айтты
"Ол маған дейін бір қызбен жүріпті. Жігітім ол қызды тастап кеткен. Олар арақатынасын үзген кезде сол қыз "сені қарғаймын" деген екен. Ол көңіл аудармаған. Мен де бұған сенбеймін. Бірақ оның неге жолы болмай жүр? Бір адамның басына мұндай ауыртпашылық түсуі мүмкін емес. Мұның себебі болу керек қой. Мұндай жағдайды басынан өткізгендер бар ма?", - деді ол.

Оқырмандар бойжеткенге мешітке барып, садақаға тастауға және тәуіпке баруға кеңес берді.