АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. 25 жастағы қыз жігітімен ұзақ жылдар бойы кездесіп жүргенін, оның үнемі жолы болмай жүретінін айтып, кеңес сұрады. Бұл туралы бойжеткен instagram желісіндегі astana_forum парақшасында жазды.
Сонымен қатар жас қыз жігітінің үнемі жолы болмайтынын айтып, мұңын шақты.
"Ол күзде жұмысындағы сатыдан құлап, аяғының буынын шығарып алды. Одан бөлек, көптеген келеңсіз жайт болды. Кейін ірі жол апатына түсті. Құдай сақтап, тірі қалды. Бірақ көлігін жөндеймін деп көп шығынға ұшырады. Кездейсоқ қолын сындырып алды. Сол үшін жұмыстан шықты. Себебі, бір қолымен жұмыс істей алмады. Көлігі үнемі сынады немесе жол апатына түседі. Не істерімді білмеймін", - дейді бойжеткен.
Сондай-ақ 25 жастағы қыз жігітінің сәтсіздіктерін қарғыспен байланыстыратынын айтып, жұрттан ақыл кеңес сұрады.
Оқырмандар бойжеткенге мешітке барып, садақаға тастауға және тәуіпке баруға кеңес берді.